Азия чемпионаты: Боксшылар қарсыластарын нокаутпен қырып салды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 19:55

Шри-Ланка астанасы Коломбодағы U22 Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. 

instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы финалға 13 боксшыны шығарып, құрлық додасының басты фавориттерінің бірі екенін дәлелдеді.

Ерлер арасындағы жойқын жекпе-жектер:

  • 86 кг — Ибрагим Бетаев — Мобасер Кати Мохаммад (Ауғанстан): 5:0
  • 92 кг — Азатбек Жолдасхан — Абдула Муджахид (IBA): 1-раундта нокаут
  • 92+ кг — Ерсұлтан Сапар — Нгок Доан (Вьетнам): 2-раундта техникалық нокаут

Қыздар құрамасының сенімді жеңістері:

  • 48 кг — Ақбота Болат — Нгок Линх Нго (Вьетнам): 3:2
  • 50 кг — Гүлнәр Тұрапбай — Урангоо Анхцецег (Моңғолия): 5:0
  • 52 кг — Томирис Мырзақұл — Ясини Сусев (Шри-Ланка): 5:0
  • 54 кг — Элина Базарова — Тарик Аль-Шайх (Сауд Арабиясы): 2-раундта техникалық нокаут
  • 57 кг — Виктория Байдукова — Нгуен Хюен Тран (Вьетнам): 5:0
  • 60 кг — Анар Тұрсынбек — Утхаякумар Кеертхана (Шри-Ланка): 1-раундта техникалық нокаут
  • 63 кг — Аружан Жаңабаева — Дильноза Нуримова (Тәжікстан): 2-раундта техникалық нокаут
  • 70 кг — Бақыт Сейдіш — Деви Санджана (IBA): 5:0
  • 75 кг — Шұғыла Нәлібай — Хуши (IBA): 1-раундта техникалық нокаут
  • 81 кг — Жібек Жарасқызы — Нидхи (IBA): 5:0