Жеңілмеген қазақ боксшының келесі жекпе-жегі белгілі болды
19.05.2025, 03:04
Әлем чемпионы Талғат Шәйкен (9-0, 5 KO) 6 маусымда рингке қайта оралады.
instagram/@talgat_shaiken
Шәйкен All Stars Boxing 4 кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласының есімі кейінірек жарияланады.
Шәйкен соңғы рет қашан жекпе-жек өткізді?
Талғат соңғы рет 2022 жылдың қарашасында кәсіби жекпе-жекке шыққан. Ол кезде тәжікстандық Сипехр Саидовты (0-1) екінші раундта нокаутпен жеңген. Бұл жеңіс оның жеңіліссіз кәсіби мансабын одан әрі айқындаған сәттердің бірі болды.
Чемпиондық жетістіктері мен мансап жолы
Жас боксшының жетістіктері таңдай қақтырады:
- WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы;
- Азия чемпионы (әуесқойлар арасында);
- Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері;
- Кәсіпқой рингтегі дебюті — 2020 жыл.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама