Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың дзюдодан Венгрия астанасы Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі Сметовтің татамиге оралмаған себебі туралы мәлімдеді. Париждегі тарихи жеңістен кейін Елдос спорттық мансабына уақытша үзіліс жасап, денсаулығы мен жеке дамуына басымдық беруді жөн көрген.
"Сметов әлі татамиге шыққан жоқ. Ол өзіне уақыт бөліп, қалпына келуді және өзін дамыту жолдарын қарастырып жатыр. Дегенмен 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 13-19 маусым аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрамы ресми түрде жарияланды. Ел намысын қорғайтын дзюдошылар қатарында Сметовтің есімі жоқ.
Сметов — Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы. Дзюдо бойынша Олимпиада ойындарының барлық жүлде дәрежесіне ие болған жалғыз қазақстандық: