Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирі мәресіне жетіп қалды. 9 маусым күні финалдық жекпе-жектер өтеді.
Қазақстан құрамасының атынан бес боксшы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады. Олардың қарсыластары — әлем аренасындағы мықты спортшылар.
Чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
8 маусым күні жартылай финал нәтижесінде келесі боксшыларымыз қола жүлдеге ие болды:
Олардың бәрі жартылай финалда ұпай санымен жеңілді.