30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада World Boxing ұйымы ұйымдастыратын бокстан әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызға ие. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дайындық барысы, жоспарлар және басты мақсаттар туралы айтып берді.
Сәтжановтың айтуынша, 17–29 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиыны өтуде. Оған 71 спортшы қатысуы тиіс.
“Таңертең әр құраманың жеке жаттығулары өтеді. Кешкі сессияларда бірігіп жаттығамыз. Бұл — халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік”, — дейді Сәтжанов.
Қазақстан атынан жарысқа тек бір команда қатысады. Жаттықтыру жиындарына бірінші және екінші құрам боксшылары қатысқанымен ережеге сәйкес тек бір тізім бекітіледі. Кей салмақ дәрежелерінде әлі өзгеріс болуы мүмкін.
Алдын ала жарияланған тізім:
Бразилияда әлем кубогының бірінші кезеңі өткен. Енді екінші кезеңді Қазақстан қабылдайды. Бұл турнирдің әр жеңісі олимпиадалық рейтинг пен халықаралық позицияға әсер етеді:
“Турнир Қазақстанда өтетіндіктен, бұл біз үшін ең басты жарыс. 30-дан астам елден әлем және Олимпиада чемпиондары қатысады. Бәсекелестік өте жоғары болады”, — деді бас бапкер.
Әлем кубогынан кейін құрама: