"Қайта оралатын уақыт келді!" – UFC аңызы Забит Магомедшарипов октагонға шыға ма? (ВИДЕО)
UFC әлемінің жанкүйерлерін қуантатын үлкен жаңалықтың лебі байқалды. Танымал менеджер Али Абдель-Азиз Забит Магомедшариповтың октагонға оралуы мүмкін екенін меңзеді.
“Забит! Жақында...”
ММА менеджмент әлемінің беделді тұлғаларының бірі — Али Абдель-Азиз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа, бірақ әсерлі хабарлама қалдырды:
“Забит! Жуырда-жуырда...”

Бұл жазба жанкүйерлер арасында шұғыл пікірталас пен үміт отын тұтатты. Себебі Забит Магомедшарипов октагонға қайта оралса, бұл UFC тарихындағы ең көп күтілген камбэктердің бірі болуы мүмкін.
2019 жылдан кейінгі үзіліс: 14 жеңіс және аяқталмаған мансап
34 жастағы Забит Магомедшарипов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Сол кезде ол Келвин Каттарды төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңген.
Жалпы рекорд:
- 19 жекпе-жек
- 18 жеңіс
- 1 жеңіліс
- 14 қатарынан жеңіс сериясы
Файтер 2022 жылдың маусымында ресми түрде мансабын аяқтағанын жариялаған. Бірақ оның физикалық формасы мен фан-базасы оның спортқа қайта оралуына негіз қалдырып отыр.