Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қайрат Сәтжанов: "Астанада өтетін әлем кубогы – біз үшін басым бағыт" (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.06.2025, 15:16

30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада World Boxing ұйымы ұйымдастыратын бокстан әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызға ие. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дайындық барысы, жоспарлар және басты мақсаттар туралы айтып берді.

vesti.kz
vesti.kz

Турнир алдындағы оқу-жаттығу жиыны: 71 боксшы, 12 ел

Сәтжановтың айтуынша, 17–29 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиыны өтуде. Оған 71 спортшы қатысуы тиіс.

“Таңертең әр құраманың жеке жаттығулары өтеді. Кешкі сессияларда бірігіп жаттығамыз. Бұл — халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік”, — дейді Сәтжанов.

Алдын ала тізім бекітілді

Қазақстан атынан жарысқа тек бір команда қатысады. Жаттықтыру жиындарына бірінші және екінші құрам боксшылары қатысқанымен ережеге сәйкес тек бір тізім бекітіледі. Кей салмақ дәрежелерінде әлі өзгеріс болуы мүмкін.

 Алдын ала жарияланған тізім:

  • 50 кг — Санжар Тәшкенбай
  • 55 кг — Махмұт Сабырхан
  • 60 кг — Серік Теміржанов
  • 65 кг — Ертуған Зейноллин
  • 70 кг — Абылайхан Жүсіпов
  • 75 кг — Сабыржан Ақхалықов 
  • 80 кг — Нұрбек Оралбай
  • 85 кг — Бекзат Нұрдәулетов
  • 90 кг — Сағындық Тоғамбай
  • +90 кг — Айбек Оралбай

Әр жекпе-жек рейтингке әсер етеді

Бразилияда әлем кубогының бірінші кезеңі өткен. Енді екінші кезеңді Қазақстан қабылдайды. Бұл турнирдің әр жеңісі олимпиадалық рейтинг пен халықаралық позицияға әсер етеді:

  • 1-орын — 300 ұпай
  • 2-орын — 200 ұпай
  • 3-орын — 150 ұпай

“Турнир Қазақстанда өтетіндіктен, бұл біз үшін ең басты жарыс. 30-дан астам елден әлем және Олимпиада чемпиондары қатысады. Бәсекелестік өте жоғары болады”, — деді бас бапкер.

Әлем чемпионатына дейінгі жоспар: Алматы – Ливерпуль бағыты

Әлем кубогынан кейін құрама:

  • 9–16 шілде — қалпына келтіру жиынын өткізеді;
  • 20 шілде – 7 тамыз — Алматыда базалық дайындық кезеңі басталады;
  • 14–26 тамыз — Алматыдағы екінші оқу-жаттығу жиыны;
  • 26 тамызда Ұлыбританияға ұшып, 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір