Аян Тұрсын, Сүндет Айтқұл және Абай Жалал сияқты есімдер қазірдің өзінде UFC назарында.
Қазақстандық Octagon MMA лигасының президенті Нураддин Садықов YouTube-тегі “Azamat Sport” арнасына берген сұхбатында UFC-ге өтуі мүмкін қазақстандық файтерлер туралы пікір білдірді. Садықовтың айтуынша, бірнеше қазақстандық спортшы әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі — UFC-ге (Ultimate Fighting Championship) өте жақын тұр.
“Аян Тұрсын бойынша бәрі өте жақын болды. Бірақ соңғы жекпе-жегінен кейін бәрі кейінге қалды”, — деді Садықов.
Бұдан бөлек, Сүндет Айтқұл бар. Ол Octagon лигасының чемпионы. Оның 10 жеңісінің барлығы да мерзімінен бұрын аяқталған. Бұл — UFC үшін өте маңызды фактор.
“Сүндет өте тартымды стильде жұдырықтасады. Барлық жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған – бұл UFC-ге ұнайды”, — деп атап өтті Садықов.
Сонымен қатар, Абай Жалал UFC-ге өтуі мүмкін деген үміт бар. Саят Абдуали де жиі айтылатын есімдердің бірі. Бірақ оған әлі уақыт қажет.
Бүгінгі таңда UFC ұйымында Қазақстан атынан алты спортшы жұдырықтасуда:
Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов та UFC-де өнер көрсеткен.