Қазақстан балуандары Азия чемпионатында Өзбекстанды артта қалдырды

Редактор Penalty.kz
21.06.2025, 21:02

Вьетнамда жастар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жолы Қазақстан құрамасы Орталық Азия аймағы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, басты қарсыластары — Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларынан озып шықты.

instagram/@kazakhstan__wrestling

“Классиктер” арасындағы толық үстемдік!

Грек-рим (классикалық) күрес түрі бойынша жалпыкомандалық есептегі нәтижелер төмендегідей:

  1. Қазақстан – 197 ұпай
  2. Қырғызстан – 190 ұпай
  3. Өзбекстан – 165 ұпай

Көп жылдан бері ересектер деңгейінде бізбен иық тірестіріп жүрген көршілерімізден бұл жолы жастарымыз басым түсті. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі”, – дейді Қазақстан күрес федерациясының өкілдері.

Осылайша, қазақстандық балуандар грек-рим күресінде Азия құрлығында үстемдігін нақтылай түсті.

Әйелдер күресінде де үздік үштікте

Қыздар құрамасы да табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Алдыңғы орындарда Үндістан мен Моңғолия болды. Біздің балуандар Қырғызстан (4-орын) мен Өзбекстанды (5-орын) артқа тастап, Орталық Азияда көш бастаған әйелдер құрамасы атанды.

ФОТО: instagram/@kazakhstan__wrestling