Бибосыновты жылатқан олимпиада чемпионы сенсациялық жеңіліске ұшырады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:24

Англияның Бирмингем қаласындағы бокс кешінде күтпеген сенсация болды. WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы уақытша чемпион, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Галал Яфай (9-1, 7 КО) мексикалық тәжірибелі боксшы Франсиско Родригестен (40-6-1, 27 КО) жеңіліп қалды.

bbc.com

Яфай алғаш рет жеңілді

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Яфай ұпай санымен жеңіліс тапты: екі төреші 119-108 және біреуі 118-109 есебін тіркеді.

"Яфай рингте соңына дейін күресті. Родригес оны бірнеше рет нокдаунға түсіре жаздады, бірақ британдық боксшы мәрттікпен шайқасты", – деп жазады DAZN Boxing платформасы.

Родригестің 40-шы жеңісі

Мексикалық Родригес үшін бұл жекпе-жек кәсіби мансабындағы 40-шы жеңіс болды. Оның еншісінде 6 жеңіліс пен 1 тең нәтиже бар. Ал Яфай үшін бұл алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол тоғыз жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтаған.

Бибосыновпен болған жекпе-жек есте қалды

Қазақстандық бокссүйер қауым үшін Галал Яфайдың аты таңсық емес. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасында жартылай финалда Сәкен Бибосыновты ұтқан. Сол жекпе-жектен кейінірек Бибосынов рингте көз жасына ерік берген еді. Бұл сәт қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталды.

Сәкен Бибосыновтың жеңілген сәті. Токио Олимпиадасы.
ФОТО: sputnik.kz

Сол күннен бері Яфайдың кәсіби рингтегі жолы сәтті басталды. Алайда бүгінгі жеңіліс оның мансабында бетбұрыс сәтке айналуы мүмкін.