Дана Уайттың пікірінше Азат Мақсұм жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
22.06.2025, 17:00

UFC президенті Дана Уайт Бакуде өткен турнирден кейін қазақстандық файтер Азат Мақсұм мен ресейлік Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын білдірді.

gazeta.ru

Тартысты жекпе-жек және күмәнді шешім

21 маусым күні өткен жекпе-жекте рефери шешімімен жеңіс Уланбековке берілді. Үш раундқа созылған шайқаста төрешілер бір ауыздан ресейлік файтердің мықты екенін анықтаған:

Қорытынды есеп: 29-28, 30-27, 30-27 — Уланбековтің пайдасына.

Бірақ жанкүйерлер мен сарапшылар шешімге келіспейді. Әлеуметтік желілерде UFC парақшаларына наразылық пікірлер қарша жаууда.

Дана Уайт: "Мақсұм жеңді, бірақ қағазда жеңіліс" 

Турнирден кейін өткен баспасөз мәслихатында Дана Уайт төрешілер шешіміне қатысты мынадай мәлімдеме жасады:

"Мен үнемі айтып келемін төрешілермен байланысты әрқашан проблема болады. Қайта аттестация, шешім қабылдау — бәрі қателіктен ада емес. Бірақ егер бәрі бір ауыздан төрешілердің шешімі қате екенін түсінсе, біз UFC ретінде жеңілген файтерді шын жеңімпаз деп есептейміз", – деді Уайт.

Бұл сөздер Азат Мақсұмның жеңісіне деген бейресми қолдауды білдіреді.