Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды.
13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін бокс кешіне дейін қызу дайындық жүріп жатыр. Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы көз түйістіру шарасы бұл жолы шынайы қақтығысқа ұласты.
Желіде тараған видеода Кроуфорд қарсыласына жақындап, қысым көрсеткені байқалады. Альварес бұған жауап ретінде оны итеріп жіберген.Содан екеуінің арасында шын мәнінде итеру-жұлқу басталып кеткен. Оларды UFC президенті Дана Уайт өзі ажыратуға мәжбүр болды.
13 қыркүйекте абсолютті әлем чемпионы атағы үшін суперорта салмақтағы шешуші жекпе-жек болмақ. Бұл кешті әлемдік бокс жанкүйерлері асыға күтуде.
Альварес соңғы рет мамыр айында Уильям Скаллды (23-1, 9 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын қорғады.
Ал Теренс Кроуфорд былтыр тамызда рингке шығып, Исраил Мадримовты (10-2-1, 7 KO) айқын басымдықпен жеңген еді.