Жарақатынан кейін оңалу кезеңін өткізіп жатқан спортшы Instagram желісінде таудағы веложаттығу сәтінен бейнежазба жариялады.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов октагонға оралу мақсатында жаңаша әдіспен дайындық жүргізіп жатыр.
Шавкат өзінің Instagram парақшасында таудағы веложаттығудан бейнежазба жариялады. Видеода спортшының күрделі рельефте жоғары жүктемемен жаттығып жатқаны байқалады. Ол арнайы велоспорт киімімен толық жабдықталып, кәсіби деңгейде дайындалып жүр.
«Велоспорт — бұл шын мәнінде ат спортындай қиын», — деп бөлісті әсерімен Рахмонов.
Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленіп отыр және титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі саналады. Алайда жарақатына байланысты біраз уақыт үзіліс алған болатын.
Оның жаттықтырушысының айтуынша, Шавкат 2025 жылдың соңына қарай октагонға қайта оралуы мүмкін. Жарақаттан кейінгі оңалту кезеңі жоспарға сай өтіп жатыр.