WBO Баходир Джалоловқа қатысты ресми шешімге келді
Суперауыр салмақта өнер көрсететін Өзбекстан боксшысы Баходир Джалолов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде жоғарылады. Жаңартылған тізімде 11-орынға табан тіреді.
Джалолов – WBO нұсқасы бойынша ТОП-15 қатарында
Бұл – Жалоловтың кәсіпқой бокстағы тұрақты жеңістерінің нәтижесі. Оның басты бәсекелестері төмендегідей:
- Әлем чемпионы: Александр Усик (Украина)
- Уақытша чемпион: Джозеф Паркер (Жаңа Зеландия)
- 1-орын: Мозес Итаума (Ұлыбритания)
Джалоловтың рейтингтегі жаңа орны – оның алдағы уақытта әлемдік титулдық жекпе-жектерге жақындай түскенін білдіреді.
Соңғы жекпе-жек – маңызды жеңіс
Баходир Джалолов 5 сәуірде Астанада украиналық Игорь Шевадзутскийге қарсы рингке шығып, қазылардың бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жек – оның кәсіби мансабындағы маңызды сәттердің бірі болып саналады және дәл осы нәтижеден кейін WBO рейтингіндегі орны да айтарлықтай жақсарды.
Джалоловтың кәсіпқой мансабына шолу
- Жасы: 29
- Салмағы: Супер ауыр
- Жекпе-жектер саны: 13
- Жеңістер: Барлығы жеңіспен аяқталған, оның ішінде басым бөлігі – нокаутпен
- Стиль: Солақай, техникасы жоғары, алыстан ұруда шебер
Madison Square Garden: Джалоловтың келесі сынағы
Баходир Джалолов 26 шілде күні әлемдегі ең атақты ареналардың бірі — Madison Square Garden рингінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – италиялық Джианмарко Кардилло, кәсіби мансабында 12 жеңіс (оның 2-еуі нокаутпен) және 1 жеңіліс бар.