
Халықаралық бокс қауымдастығы бұл жағдайды саяси шешім деп сынап, алтынды кері алу қажет деген мәлімдеме жасады.
Париж Олимпиадасында алтын медаль алған Иман Хелиф жеңіп алған жүлдесін қайтаруы тиіс. Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев жуырда осылай деді. Оның айтуынша, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімі әділдікке емес, саяси мүддеге негізделген.
«Хелифтің жеңісі даулы. ХОК-тың шешімі спорт принциптерін емес, саясатты көздейді. Сондықтан алтын медаль қайта қаралуы керек», – деді Умар Кремлев.
Иман Хелиф алғаш рет 2022 жылғы Әлем чемпионаты кезінде допинг-тесттен өткен. Сараптама нәтижелері рұқсат етілмеген гормоналдық көрсеткіштерді көрсеткен. Бұл – тек Хелифке ғана емес, бірқатар спортшыларға қатысты ортақ проблема болған.
Бастапқы тексеруден кейін, 2023 жылы алынған екінші сынама нәтижелері де бұрынғы күмәндерді растаған. Алайда, нақты жыныстық ерекшелігіне қатысты шешім мен мәліметтер көпшілікке жарияланбаған.
Хелиф Париж Олимпиадасында әйелдер арасында алтын медаль иеленіп, үлкен жетістікке жеткен. Алайда соңғы жағдайлар оның бұл марапатын қайтаруына себеп болуы мүмкін.
Daily Mail деректеріне сүйенсек, ХОК бұл жағдайды «ерекше жағдай» ретінде қарастырып, қосымша сараптама жүргізуге шешім қабылдаған. Алайда Халықаралық бокс қауымдастығы бұған келіспей отыр.