Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

WBO Баходир Джалоловқа қатысты ресми шешімге келді

Сарапшы, спорт журналисі

Суперауыр салмақта өнер көрсететін Өзбекстан боксшысы Баходир Джалолов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде жоғарылады. Жаңартылған тізімде 11-орынға табан тіреді.

WBO Баходир Джалоловқа қатысты ресми шешімге келді
Instagram/@bakhodirdjalolov

Джалолов – WBO нұсқасы бойынша ТОП-15 қатарында

Бұл – Жалоловтың кәсіпқой бокстағы тұрақты жеңістерінің нәтижесі. Оның басты бәсекелестері төмендегідей: 

  • Әлем чемпионы: Александр Усик (Украина)
  • Уақытша чемпион: Джозеф Паркер (Жаңа Зеландия)
  • 1-орын: Мозес Итаума (Ұлыбритания)

Джалоловтың рейтингтегі жаңа орны – оның алдағы уақытта әлемдік титулдық жекпе-жектерге жақындай түскенін білдіреді.

Соңғы жекпе-жек – маңызды жеңіс

Баходир Джалолов 5 сәуірде Астанада  украиналық Игорь Шевадзутскийге қарсы рингке шығып, қазылардың бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек – оның кәсіби мансабындағы маңызды сәттердің бірі болып саналады және дәл осы нәтижеден кейін WBO рейтингіндегі орны да айтарлықтай жақсарды.

Джалоловтың кәсіпқой мансабына шолу

  • Жасы: 29
  • Салмағы: Супер ауыр
  • Жекпе-жектер саны: 13
  • Жеңістер: Барлығы жеңіспен аяқталған, оның ішінде басым бөлігі – нокаутпен
  • Стиль: Солақай, техникасы жоғары, алыстан ұруда шебер

Madison Square Garden: Джалоловтың келесі сынағы

Баходир Джалолов 26 шілде күні әлемдегі ең атақты ареналардың бірі — Madison Square Garden рингінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – италиялық Джианмарко Кардилло, кәсіби мансабында 12 жеңіс (оның 2-еуі нокаутпен) және 1 жеңіліс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір