ММА файтерін тоқ ұрды (ВИДЕО)
Ресейлік ММА файтері Иван Паршиков Вьетнамдағы жарыста жеңісінен кейін суға секірмек болып, электр тоғына түсіп қалды. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған жоқ.
instagram/@ivan_parshikov
Жеңісті тойлау – күтпеген жағдаймен аяқталды
ММА-ның жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 27 жастағы ресейлік Иван Паршиков Вьетнамда өткен турнирдегі жеңісін ерекше атап өтпек болды. Ол ринг жанындағы жарық шамына өрмелеп, сол жерден бассейнге секірмек болған. Алайда..
Тоқ соғып кетті – видео желіде тарады
Паршиков жарық шамын ұстаған сәтте ток соғып, күтпеген жағдайға тап болады. Бақытына орай, ауыр жарақат алған жоқ.
"Рингтен бассейнге сүңгу идеясы ең сәтті шешім болмады", – деп жазды ол Instagram парақшасында оқиға видеосын жүктеп.
Оқиға көрермендердің көз алдында болды және желіде вирусқа айналған видеолар тарады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet