Назым Қызайбай ресейлік боксшымен спаррингтен кейін шокта қалды (ВИДЕО)
Алматы облысындағы Олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан мен Ресей әйелдер құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ресейлік жұлдыздар Қазақстанға келді
Оқу-жаттығу жиынына Ресей құрамасының көшбасшылары қатысты. Олардың қатарында:
- Альбина Молдажанова – 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері;
- Юлия Чумгалакова – 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ екі дүркін Еуропа чемпионы;
басқа да тәжірибелі, атақты спортшылар бар.
Бұл жиын аясында қос құраманың боксшылары арасында қарқынды спарринг кездесулері өтті.
Қызайбай мен Остракова жекпе-жегі – жоғары деңгейлі текетірес
Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай спарринг барысында ресейлік Арина Остраковаға қарсы жұдырық түйістірді.
Жекпе-жек өте жоғары қарқында өтті. Арина Остракова бірінші нөмірмен жұмыс істеп, белсенді шабуылға көшті – соққылар саны мен қимыл жиілігімен ерекшеленді. Қызайбай осындай қарқыннан кейін шок жағдайында қалғандай әсер қалдырды.
Спарринг видеосын төменнен көруге болады.