Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Нұрбек Оралбай Әлем кубогы қарсаңында батыл мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 19:05

Қазақ боксшылары өз парақшаларында дайындық сәтін бөлісіп, жүлде үшін барын салуға әзір екенін жеткізді.

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар алдағы бокстан әлем кубогы алдында өз жанкүйерлерін қуантатын мәлімдеме жасады. Олар Instagram желісіндегі ресми парақшаларында жаттығу кезінен сурет жариялап:

«Біз әлем кубогына сақадай сай дайынбыз», – деп жазды.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, спортсүйер қауымның сенімін нығайтты.

Фото: instagram.com

Әлем кубогы қашан және қайда өтеді?

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл — Қазақстан үшін аса маңызды халықаралық дода болмақ.

 Нұрбек пен Айбектен үміт зор

Ағайынды Оралбайлар — Қазақстан боксының жарқын өкілдері. Бұған дейін олар түрлі халықаралық турнирлерде ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрінген. Бұл жолы да отандық жанкүйерлер Нұрбек пен Айбектен медаль күтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір