Жарнама
Жарнама
Назым Қызайбай ресейлік боксшымен спаррингтен кейін шокта қалды (ВИДЕО)
фото ашық дереккөздерден алынды

Назым Қызайбай ресейлік боксшымен спаррингтен кейін шокта қалды (ВИДЕО)

Алматы облысындағы Олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан мен Ресей әйелдер құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Ресейлік жұлдыздар Қазақстанға келді

Оқу-жаттығу жиынына Ресей құрамасының көшбасшылары қатысты. Олардың қатарында:

  • Альбина Молдажанова – 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • Юлия Чумгалакова – 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ екі дүркін Еуропа чемпионы;

басқа да тәжірибелі, атақты спортшылар бар.

Бұл жиын аясында қос құраманың боксшылары арасында қарқынды спарринг кездесулері өтті.

Қызайбай мен Остракова жекпе-жегі – жоғары деңгейлі текетірес

Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай спарринг барысында ресейлік Арина Остраковаға қарсы жұдырық түйістірді.

Жекпе-жек өте жоғары қарқында өтті. Арина Остракова бірінші нөмірмен жұмыс істеп, белсенді шабуылға көшті – соққылар саны мен қимыл жиілігімен ерекшеленді. Қызайбай осындай қарқыннан кейін шок жағдайында қалғандай әсер қалдырды.

Спарринг видеосын төменнен көруге болады. 

Жарнама
Жарнама