UFC-дің еуропалық нұсқасында қазақ батыры чемпион атанды

Редактор Penalty.kz
29.06.2025, 00:36

Кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында Oktagon 73 турнирінде өнер көрсетіп, айрықша жетістікке жетті. Бұл жарысты көпшілік "еуропалық UFC" деп атайды — себебі Oktagon MMA лигасы Еуропадағы ең беделді ұйымдардың бірі.

instagram/@mmafighters.kz

Титулдық жекпе-жекте әділдік үстемдік етті

Жұмағұловтың қарсыласы осы лиганың бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы, Грузия өкілі Бено Адамия (12-8-2) болды. Бұл бастапқыда титулдық кездесу ретінде жоспарланғанымен Адамия жекпе-жек алдындағы ресми өлшеуде салмақ шегінен асып белбеуден айырылды. Сол себепті чемпиондық атақ тек Жалғас үшін тігіске қойылды.

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Үш төрешінің бірауызды шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Oktagon MMA-дағы жаңа чемпион — Жалғас Жұмағұлов

Бұл жеңіс Жалғастың кәсіпқой мансабындағы 18-ші жеңісі болды. Ол енді ресми түрде Oktagon MMA ұйымының жаңа чемпионы атанып отыр. Бұл — UFC-ден кейінгі деңгейдегі ұйым ретінде танылған лигада жеткен үлкен жетістік.

Ал Бено Адамия мансабындағы тоғызыншы жеңілісіне тап болды.