Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

5 жыл күткен жекпе-жек! Данияр Елеусинов АҚШ рингіне қайта оралады

Редактор Penalty.kz
18.07.2025, 16:30

Олимпиада чемпионы 19 шілде күні филиппиндік нокаутшыға қарсы жұдырықтасады. Бұл оның 2020 жылдан бергі Америкадағы алғашқы айқасы болмақ.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Америкада шаршы алаңға қайта оралады. 19 шілде күні (Қазақстан уақытымен 20 шілде таңында) АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында отандасымыз кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Елеусінов vs Бэкон

Қазақстандық боксшы Данияр Елеус3нов (12 жеңіс, 0 жеңіліс, 7 нокаут) америкалық рингте филиппиндік қарсыласs Джеймс Бэконмен (26 жеңіс, 5 жеңіліс, 17 нокаут) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Бұл жекпе-жек Даниярдың 2020 жылдан бергі АҚШ-тағы алғашқы айқасы болмақ. Бұған дейін ол соңғы рет былтырғы 28 қыркүйекте Алматыда рингке шығып, филиппиндік Джо Нойнаяны мерзімінен бұрын жеңген еді.

BoxRec бағасы

Танымал BoxRec.com сайты Елеусінов пен Бэкон арасындағы кездесуге 5 жұлдыздан 1 жұлдыз ғана берген. Бұған дейін Даниярдың соңғы екі жекпе-жегі екі жұлдызбен бағаланған еді.

BoxRec-тің бұл бағасы бірнеше факторға негізделеді:

  • Кештің дәрежесі;
  • Қарсыластың рейтингі мен тәжірибесі;
  • Титулдық белбеулердің бар-жоғы мен беделі.

Елеусінов үшін маңызды кезең

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов үшін бұл кездесу — өз мансабын қайта жандандыру жолындағы маңызды қадам.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары