Шавкат Рахмонов титулдық айқасқа дайындығын бастады ма?
UFC рейтингінде үздік үштікке енген Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде өзінің физикалық формасын көрсеттті.
UFC-дегі қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмонов өзінің тамаша физикалық дайындығын әлеуметтік желіде жариялап, жанкүйерлерін бір шулатты.
Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі парақшасына өзінің физикалық формасын көрсеткен видео жүктеді. Кадрларда шаршы алаңға тас-түйін дайын боксшы ретінде көрінеді.
Бұл жарияланым жанкүйерлер арасында "Рахмонов титулдық айқасқа дайындалып жатыр ма?" деген сұрақ туғызды.
Шавкат Рахмонов туралы не білеміз?
- Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері
- Бұрынғы M-1 Global ұйымының чемпионы (жартылай орта салмақ)
- UFC жартылай орта салмақтағы рейтингінде – 3-орында
- ММА-де жеңіліссіз серия: 18 жекпе-жек – 18 жеңіс
Барлық жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.
- 9 нокаут
- 9 сабмишн (тұншығу/бағындыру)
Титулдық жекпе-жекке жақын ба?
Рахмоновтың мықты статистикасы мен үздік формасы оның жақын арада титулдық жекпе-жекке шығуына негіз болуы мүмкін. Жанкүйерлер мен сарапшылар Шавкаттың UFC чемпионы атауына лайық екенін бұрыннан айтып келеді.