Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

9 жекпе-жек – 9 нокаут! UFC-ге бір қадам қалған қазақ кім?

Редактор Penalty.kz
19.07.2025, 11:48

Жекпе-жектің бірде-бірін толық уақытқа жеткізбей, 9 қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңген Саламат Исбулаев – бүгінде Alash Pride чемпионы және әлемдік аренаға шығуға дайын тұрған ең жарқын үміттің бірі.

sportilinet.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық файтердің статистикасы

Alash Pride ұйымының чемпионы Саламат Исбулаев кәсіби мансабындағы барлық тоғыз жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Оның стилі – жарқын, нокауттарымен есте қалады. 28 жастағы спортшы Еуропа чемпионы атанып, Әлем чемпионатының финалына дейін жеткен. Қазір оның басты мақсаты – UFC.

Ресейден – Ақтөбеге

Кәсіби мансабын Қазақстанда бастауды шешкен Саламат Исбулаев бүгінде Ақтөбедегі "Еркін күш" залында жаттығып жүр. Бұл – Қазақстандағы чемпиондарды дайындайтын басты орталықтардың бірі. Осы залдан Жалғас Жұмагұлов пен Сергей Морозов – UFC-ге, Алиби Идрис – The Ultimate Fighter шоуына, ал Дәурен Ермеков пен өзге де спортшылар – Naiza лигаларына дейін жеткен.

«Мен Қазақстанда кәсіби мансабымды бастау туралы шешімді саналы түрде қабылдадым. Қазақ екенімді әрдайым білдім, сол себепті де елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен жауапкершілік», – дейді Саламат.

«Жақында қазақша сұхбат беремін»

Исбулаев барлық жекпе-жектерге Қазақстан туымен шығады. Қазіргі таңда сұхбаттарды орыс тілінде беріп жүргенімен, қазақ тілін үйреніп жатқанын айтты:

«Қазір тілді үйреніп жатырмын. Көп ұзамай қазақша сұхбат беретін боламын. Мені мұнда жылы қабылдады. Бұл да маңызды. Өз елімде танылып, дамудың өзі – үлкен мотивация» – дейді ол.

Оңтүстік-Шығыс Азия немесе Ресей? Не үшін Ақтөбені таңдады?

2022 жылы Саламат 6 ай Бали аралында дайындалып, Азия немесе Аустралия лигаларында өнер көрсетуге ниетті болды. Сонымен қатар Ресейде дебют жасау жоспарда болғанымен, бұрынғы жаттықтырушымен болған келіспеушілік оны Орынборға қайтарып, кейін кәсіби мансапты Қазақстанда жалғастыру туралы шешімге келді.

«Алғашқы рет Саламат бізге 2017-2018 жылдары келді. Ол кезде туыстарына келгенде залымызда жаттықты. Кейін кәсіби мансапты бізбен бірге бастауға шешім қабылдады», – дейді жаттықтырушысы Айбек Шоқпұтов.

Алғашқы қадам

15 жасына дейін Саламат ешқандай жекпе-жекпен айналыспаған. Алғашында боксқа жазылғысы келгенімен, жолы болмаған. Кейін ММА-ға кездейсоқ келген. Оның алғашқы спорттық мектебі – армиялық универсалды жекпе-жек болатын. Бұл бағытта ол Ресей, Еуропа және әлем чемпионаттарының жүлдегері атанды.

«Футбол мен биден басқа ештеңе болмады. Мектепте эстрадалық би үйірмесіне қатыстым, шпагатқа отыра алатынмын. Бұл – генетика. Әкем де 62 жасында шпагат жасай алады», – дейді ол.

Армиядан кейінгі сынақ

«2016 мен 2017 жыл аралығында әскерде болдым. Бұл жыл – өмірлік шешімдер қабылдауға мүмкіндік берген уақыт. Қайтып келгенде бәрінен қалып қойғанымды түсіндім. Қаржылық қысым, жұмыс табу, күнкөріс мәселесі – бәрі қабаттасты. Сол кезде спорттан кетуді де ойладым. Бірақ әкем тоқтатты – "шыда, бәрі болады деді», – дейді Саламат.

Әуесқой деңгейдегі жетістіктері:

  • Оренбург облысы чемпионы (ММА)
  •  Ресейдің төрт дүркін аймақтық чемпионы
  • Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирінің жеңімпазы (2020)
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2019)
  • Ресей чемпионы (2021)
  • Еуропа чемпионы (2019)
  • IMAAF нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік файтері
  • Әлем чемпионатының финалисі (2019)

Paradigm арқылы UFC-ге жол

Исбулаев қазіргі таңда Paradigm компаниясының менеджері Мирас арқылы UFC ұйымына кіру мүмкіндігін іздеуде. Ол бастапқыда Бакудегі турнирге қатысуды жоспарлағанымен, ол жүзеге аспаған. Қазір ол Dana White’s Contender Series турниріне қатысу мүмкіндігін қарастырып отыр (12 тамыз – 14 қазан аралығы).

«Мирас – Алиби Идрис те жұмыс істейтін менеджер. Ол The Ultimate Fighter турнирінде UFC келісімшарты үшін айқасып жатыр. Біз де осы жолмен кетуіміз мүмкін», – дейді Саламат.

UFC – қаржылық және спорттық деңгей

«Қазір Alash Pride чемпионы болғаныма қарамастан, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік жоқ. UFC – басқа деңгей. Ол жақта гонорар да, демеушілер де мықты», – дейді ол.

UFC перспективасы

Қазір Саламат жеңіл салмақта (70 кг) өнер көрсетіп жүр. Алайда UFC ұсынысы түссе, жартылай жеңіл (66 кг) салмаққа ауысатынын Айбек Шоқпұтов растады.

«Егер алғашқы раундтарда қарсыластарын солай нокауттап жүре берсе – UFC-ге жол ашылады. Біз нақты ұсыныс күтіп отырмыз», – дейді ол.

Сарапшылар не дейді?

Alash Pride президенті Әлімжан Бектаев:

«Саламат – UFC деңгейіне жеткен файтер. ТМД мен Азияда оған лайықты қарсылас табу қиын».

Алиби Идрис:

«Оның әуесқойдағы тәжірибесі – керемет. Дагестан турнирлерінде Нурмагомедов залынан шыққан мықтыларды жеңген. Қазір Alash Pride чемпионы, Қытайда да өзін көрсете білді».

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары