Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бокс жұлдызына Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу ұсынылды

Редактор Penalty.kz
19.07.2025, 12:27

Крис Юбэнк-кішіге Жәнібек Әлімханұлымен айқасу ұсынылды! IFL TV тізімінде қазақстандық чемпион әлемнің үздік боксшыларымен қатар аталды.

Inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Аса танымал британдық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Крис Юбэнк-кішіге қазақстандық WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқасу ұсынылды. 

IFL TV ұсынған тізім

IFL TV X (бұрынғы Twitter) парақшасы бокс жанкүйерлеріне сұрақ тастап, Юбэнктің келесі қарсыласы ретінде төрт үміткерді атады:

  1. Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек жеңімпазы
  2. Ұлыбританиялық проспект Хамза Шираз
  3. Бұрынғы әлем чемпионы Калеб Плант
  4. Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы

Юбэнк – Бенн реваншы болмай ма?

2024 жылдың 26 сәуірінде Крис Юбэнк Конор Беннді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Бұл кездесу британ боксы үшін маңызды оқиға болды. Реванш болады деген үміт басым болғанымен, промоутер Эдди Хирн Юбэнк жағы бұл кездесуден бас тартқанын мәлімдеді.

"Юбэнк реваншты қаламайтынын ашық айтты", – деді Хирн.

Жәнібекпен жекпе-жекке не кедергі?

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынысы бұған дейін де Юбэнкке жасалған, алайда ол бас тартқан болатын. Енді бұл ұсыныс қайта жаңғырып отыр.

Жәнібек — орта салмақтағы екі тұжырым бойынша (WBO және IBF) әлем чемпионы, және ол "Kazakh Style" лақап атымен әлемдік ареналарда танымал.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары