Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қуат Хамитов ел президенттігіне таласпақ

Редактор Penalty.kz
19.07.2025, 14:15

ММА жауынгері бұл шешімін халықтың мүддесі үшін қабылдағанын айтып, қазіргі жүйені қатты сынға алды.

Offside.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық ММА шебері Қуат "Найман" Хамитов 2045 жылы ел президенті болуға үміткер болатынын ресми түрде жария етті. Танымал спортшы бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды offside.kz.

Хамитовтың ашық мәлімдемесі

Әлеуметтік желідегі жазбасында Қуат Хамитов қазіргі жағдайға қатысты пікірін білдіріп, жүйелі өзгеріс қажет екенін атап өтті:

«Қысқасы, мен 2045 жылы Президенттікке түсемін деп шештім! Мен олардан қай жерім кем? Кейбіреулер сияқты халқының қанымен байлық жинаған жоқпын! Біздің елге ешқандай реформа көмектеспейді! Бар болғаны – ұрланған ұлттық байлықты қайтарып, оны экономикаға қайта құю керек!» — деп жазды спортшы.

Саясатқа бет бұру — жаңа мақсат па?

Қуат Хамитов бұған дейін де саяси амбициясын ашық білдірген. «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында ол:

«Спорттық мансабымды аяқтаған соң бес жыл ішінде депутат болуға тырысамын. Ал он жылдан кейін, мүмкін, президент болғым келер. Себебі депутаттар ештеңені өзгертпейді. Сондықтан он жылдан кейін мені күтіңіздер — президент сайлауына қатысамын», — деген еді Қуат Хамитов. 

Қуат Хамитов кім?

  • Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері
  • Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы
  • Қоғамдық-саяси мәселелерде пікір білдіріп отыратын белсенді тұлға

Қазір Хамитов өзінің спорттық мансабын жалғастырып жатыр, алайда болашақта саяси аренада да өзін көрсетуге бекінгені байқалады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары