Жапонияның Йокогама қаласындағы Yokohama Buntai аренасында үлкен сенсация тіркелді. Бірінші жеңіл салмақтағы (49 кг дейін) WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрик Роса алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғау жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді.
Доминикандық Роса (8 жеңіс, 1 жеңіліс, 2 нокаут) – алдыңғы қолмен джебтер лақтырып, шабуылды бір соққымен ашуға тырысатын техникалық боксшы. Ал жапониялық Кёсуке Таками (10 жеңіс, 0 жеңіліс, 8 нокаут) – нағыз панчер, тек нокаутты іздейтін шабуылшы.
Алғашқы раундта Роса белсенді көрінді. Бірақ соңғы секундтарда Таками мықты соққымен шабуылын күшейтті.
Күтпеген жерден Роса алға ұмтылып, қарсыласымен орта қашықтықта ашық айқасқа көшті. Ол комбинациямен жауап қатқанымен Такамидің соққы күшіндегі басымдық анық көрінді – дәл соққы өтті. Роса есінен танды, арқанға қарай ығысты.
Кейінгі раундтарда Роса аяғымен жұмыс істеуден бас тартып, тік тұрып соққы қабылдауға мәжбүр болды. Бұл оның басты қателігі болды. Ал Таками болса, денеге ауыр соққыларын жаңбырша жаудырды.
4-раундта Роса аздап қозғалыс қосып, бұрыштан шабуылдауға тырысты. Алайда Такамимен орта қашықтықтағы соққы алмасу оны шаршатып, 7-раундта толық қорғанысқа көшіп, қарсыластың соққыларын өткізе бастады.
10-раундта Роса нокдаунға түсті. Ол қайта тұрып, жекпе-жекті жалғастырғанымен соққыға жауап қайтара алмағандықтан рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Нәтижесінде Таками техникалық нокаутпен (ТКО 10) жеңіске жетіп, WBA чемпионы атанды.