Турнир бағдарламасы
	- 30 шілде: Грек-рим күресі — 72, 77, 82, 87, 97, 130 кг
 
	- 31 шілде: Грек-рим күресі — 55, 60, 63, 67 кг; Әйелдер — 50, 53 кг
 
	- 1 тамыз: Әйелдер — 55, 57, 59, 62, 65, 68 кг
 
	- 2 тамыз: Әйелдер — 72, 76 кг; Еркін күрес — 86, 92, 97, 125 кг
 
	- 3 тамыз: Еркін күрес — 57, 61, 65, 70, 74, 79 кг
 
Қазақстан құрамасының грек-рим күресіндегі өкілдері:
	- 60 кг дейін: Айбек Айтбеков, Исхар Курбаев
 
	- 63 кг дейін: Бақытжан Қабдыл, Нұрдәулет Қапас, Сайфулла Құрман
 
	- 67 кг дейін: Төлеген Әмірханов, Дінислам Сағитжан
 
	- 77 кг дейін: Әбдіәзім Қарабаев, Қахарман Қисыметов, Азат Садықов, Тамерлан Шадукаев
 
	- 82 кг дейін: Ізнұр Абаев, Диас Қалтай
 
	- 87 кг: Тимур Оспанов
 
	- 97 кг: Ерзат Ерланов
 
Әйелдер құрамасы келесі балуалардан құралған:
	- 50 кг: Светлана Анкичева
 
	- 53 кг: Зейнеп Баянова
 
	- 55 кг: Зүлфия Яхьярова
 
	- 57 кг: Лаура Әлмағамбетова, Нилуфар Раимова
 
	- 62 кг: Тыныс Дүбек
 
	- 65 кг: Елена Шалыгина
 
	- 68 кг: Ирина Казюлина, Бейбіт Сейдуалы
 
	- 72 кг: Жәмиля Бақбергенова
 
	- 76 кг: Эльмира Сыздықова
 
Жұлдызды балуалар – Жәмиля мен Эльмира
Жамилә Бақбергенова – қазір әйелдер күресіндегі әлемдік рейтингтің 1-орнында тұр. Ал Эльмира Сыздықова – 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Екі мықтының бір турнирде өнер көрсетуі – жанкүйер үшін үлкен оқиға.