Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр? (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатына дайындық барысын мәлімдеді.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр? (ВИДЕО)
olympic.kz

Екі кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиыны

2025 жылдың 4–14 қыркүйегі аралығында Ливерпульдегі M&S Bank аренасында өтетін World Boxing әлем чемпионатына санаулы апта қалды. Осыған байланысты Қазақстан әйелдер құрамасы қызу дайындық үстінде.

Команданың бас бапкері Елдос Сайдалин ҚБФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында былай деді:

"Әлем чемпионаты алдында екі кезеңдік оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Біріншісі — 21 күнге созылады және оны біз бастап кеттік. Бұл кезеңде жалпы физикалық дайындыққа басымдық беріліп отыр. Жаттығу жоспары сәтті жүріп жатыр, қыздар барынша тырысып жатыр.

Алғашқы жиыннан кейін бір апта демалыс болады. Одан соң спортшылар өздерінің жеке жаттықтырушыларымен дайындықты жалғастырады. Басты мақсатымыз — боксшыларды чемпионатқа ең жоғарғы деңгейде дайындап апару", — деді маман.

Айта кету керек, бұл турнир жаңа құрылған World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір