Танымал қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов жақын уақытта октагонға қайта шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Instagram парақшасында жарияланған жазбасында Қуат Хамитов бірнеше ұсыныс алғанын және белсенді жекпе-жектерге дайын екенін атап өтті.
"Екі айда төрт рет жекпе-жекке шығу керек екенін түсінгендегі түрім.
Қазір қолымда қыркүйек-қараша айларына арналған төрт жақсы ұсыныс бар", – деп жазды Хамитов.
Қуат Хамитовтың соңғы кездесуі 2024 жылдың қыркүйек айында өтті. Бұл жолы ол ММА емес, бокс ережесі бойынша жұдырықтасып, қарсыласы — Нұрберген Шәріповпен алты раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жек Хамитовтың бокс ережелеріндегі алғашқы дебюті болды. Жекпе-жек нәтижесінде Қуат WBC Allstars арнайы белбеуін иеленді.
Бұған дейін, 2024 жылдың мамыр айында Қуат ресейлік танымал ардагер Александр Шлеменкомен (66-15-1) кездескен. Алайда бұл жолы қазақстандық спортшы төрегілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.