Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бұрымды балуандарымыз әлемнің үздіктері қатарынан көрінді

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 18:40

Қазақ қыздары күрестен өткен әлем чемпионатында командалық есеп қорытындысы бойынша бесінші орынға жайғасты. 

Elordainfo.kz
Реклама
Реклама

Грекияда күрестен жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде Қазақстанның жас балуандары жоғары нәтиже көрсетті. Тек бір ғана медальдің жетіспеуі үздік үштікке жол ашпады.

Алтын медаль иегері

Афинада өткен U17 әлем чемпионатының қыздар арасындағы бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапынан Мадхия Усманова 57 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

Екі қола – Інжу мен Шахизададан

  • Інжу Бақожа (43 кг) — қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіске жетіп, әлемдік аренада үздіктер қатарынан көрінді.
  • Шахизада Дәулетжан (69 кг) — өзінің салмағында үшінші орынды иеленді.

Жалпы нәтиже

Қазақстан құрамасы жарыста 69 ұпай жинап, командалық есепте бесінші орынға тұрақтады. Топ үштікке ену үшін бар болғаны бір медаль жетіспеді.

Салмақ дәрежелері бойынша қорытынды нәтиже:

  • 40 кг: қатысушы болмады
  • 46 кг: Шынай Макен – жеңіліс
  • 49 кг: Сания Солтанғали – екі белдесуде де жеңілді
  • 53 кг: Фарида Абдрахманова – қола үшін күресте есе жіберді
  • 61 кг: Жайдар Мұқат – алғашқы белдесуде жеңілді
  • 65 кг: Нұрайым Саяхмет – алғашқы белдесуде жеңілді
  • 73 кг: Гүлнұр Мақсатқызы – жарысты бірінші кезеңде аяқтады

Жалпы командалық есеп:

  1. Үндістан – 151 ұпай
  2. АҚШ – 142 ұпай
  3. Жапония – 113 ұпай
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары