Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.08.2025, 19:22

Таиланд астанасы Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрислам Қалдыбаев қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшының нокаутты дебюті

U22 санатындағы Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Нұрислам Қалдыбаев 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Сён Хун Юмен қолғап түйістірді. Кездесудің екінші раундында отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсірсе, шешуші үшінші раундта төреші екі мәрте корейлік боксшыға есеп ашуға мәжбүр болды. Жекпе-жек барысы толық Нұрисламның бақылауында өтіп, төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтатты. 

Азия чемпионы атағын қорғау жолында

Нұрислам Қалдыбаев биыл мамыр айында Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Енді ол World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін бұл жарыста да чемпион атағын жеңіп алуға ұмтылуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір