
Қазақ қыздары күрестен өткен әлем чемпионатында командалық есеп қорытындысы бойынша бесінші орынға жайғасты.
Грекияда күрестен жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде Қазақстанның жас балуандары жоғары нәтиже көрсетті. Тек бір ғана медальдің жетіспеуі үздік үштікке жол ашпады.
Афинада өткен U17 әлем чемпионатының қыздар арасындағы бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапынан Мадхия Усманова 57 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Қазақстан құрамасы жарыста 69 ұпай жинап, командалық есепте бесінші орынға тұрақтады. Топ үштікке ену үшін бар болғаны бір медаль жетіспеді.
Салмақ дәрежелері бойынша қорытынды нәтиже: