Соңғы секундтағы ғажайып! Қазақстандық әлем чемпионы топ жарды (ВИДЕО)
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жәнібек Әбу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарда алтын медаль иеленді. Ол финалда жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды.
Тартысты финал және тарихи жеңіс
Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әбу-Бәкір шешуші жекпе-жекте Тунис спортшысы Фарид Бен Алимен кездесті. Қарсыластар арасындағы айқас өте шиеленісті өтті. Ал соңғы секундтарда қазақ спортшысы шабуылын үдетіп, 12:9 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан спортына қосылған жаңа жетістік
Бұл жеңіс Жәнібек Әбу-Бәкірдің халықаралық аренадғы беделін одан әрі арттырды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының джиу-джитсудағы позициясын күшейтіп, жас спортшыларға үлкен мотивация берді.
Жарнама
Жарнама