Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында сәтсіздікке ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
10.08.2025, 17:18

Бангкокта World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) Қазақстан құрамасы финалдық кезеңде күткендей нәтиже көрсете алмады.

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында сәтсіздікке ұшырады
instagram/@boxingkazakhstan

Жеті финал — екі алтын

Финалда өнер көрсеткен жеті қазақстандық боксшының тек екеуі жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Бұл жүлделерді ел қоржынына Құралай Егінбайқызы (80 кг) және Расул Асанханов (90 кг) салды.

Ал қалған бес финалда қазақстандықтар қарсыластарына жол берді:

  • Әйелдер, 57 кг: Аяжан Ермек — Мускан (Үндістан) — Ермек жеңіліс тапты (төрешілердің бөлек шешімі);
  • Әйелдер, 80 кг: Құралай Егінбайқызы — Критика Васан (Үндістан) — Егінбайқызы жеңді (төрешілердің бөлек шешімі);
  • Ерлер, 60 кг: Әділет Төртүбек — Али Чехрегани (Иран) — Төртүбек жеңілді (төрешілердің бөлек шешімі);
  • Ерлер, 70 кг: Бейбарыс Әшірбай — Абдулазиз Джуракулов (Өзбекстан) — Аширбай жеңілді (төрешілердің бөлек шешімі);
  • Ерлер, 80 кг: Тимур Тайбеков — Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) — Тайбеков жеңілді (төрешілердің бөлек шешімі);
  • Ерлер, 85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай — Самир Собиров (Өзбекстан) — Қыстаубай жеңілді (төрешілердің бірауыздан шешімі);
  • Ерлер, 90 кг: Расул Асанханов — Хемант Сангван (Үндістан) — Асанханов жеңді (төрешілердің бөлек шешімі, нокдаун тіркелді).

Қарсыластар үстем түсті

Үш жеңіліс өзбекстандық боксшылардан, қалған екеуі Үндістан мен Иран спортшыларынан келді. Бұл нәтиже Қазақстан үшін айтарлықтай көңіл көншітпеді.

Тарихи турнир

Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты — U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен, World Boxing ұйымы ұйымдастырған алғашқы құрлықтық жастар бәсекесі. Турнир Азия боксының жаңа дәуірінің бастауы саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір