Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан нокдаунмен тарихи Азия чемпионатының екінші "алтынын" еншіледі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.08.2025, 14:22

Таиланд астанасында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық боксшы Расул Асанханов ел қоржынына екінші алтын медаль салды.

instagram/@boxingkazakhstan
instagram/@boxingkazakhstan

Финалда нокдаунмен жеңіске жетті

Расул Асанханов 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда үндістандық Хемант Сангванмен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта Расул қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдық көрсетті.

Қазақстан қоржынына екінші алтын

Бұл жеңіс Асанхановқа Азия чемпионатының алтын медалін сыйласа, Хемант Сангван күміс жүлдемен шектелді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Бангкоктағы бәсекеде екінші алтынға қол жеткізді.

Тарихи турнир

Биылғы Азия чемпионаты — U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен, World Boxing ұйымы ұйымдастырған тұңғыш құрлықтық жастар жарысы. Бұл дода Азия боксындағы жаңа дәуірдің бастауы ретінде тарихқа енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір