Жарнама
Жарнама
Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде Хамзат Чимаевпен бір кардта өнер көрсетеді
vesti.kz

Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде Хамзат Чимаевпен бір кардта өнер көрсетеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ыдырыс (10-0) әйгілі UFC 319 турнирінде бақ сынайды.

Қарсылас және турнир форматы

Прелим кардта Алиби америкалық файтер Джозеф Моралеспен (12-2) кездеседі. Бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter турнирінің финалы саналады, ал жеңімпаз UFC-пен толыққанды келісімшартқа қол жеткізеді.

Турнирдің басты жекпе-жегі

Мэйн-ивентте Швеция атынан шығатын дағыстандық жұлдыз Хамзат Чимаев (14-0) ОАР өкілі, орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плессимен (23-2) октагонға шығады.

Әліби Ыдырыс соңғы рет 2024 жылдың мамырында октагонға шықты. Ол алғашқы раундта-ақ бразилиялық Эдилсон Сантос Жуниорды (9-3) нокаутқа жіберіп, жеңіс сериясын жалғастырды.

Жарнама
Жарнама