
XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының жекпе-жек өнеріндегі медаль қоржыны тағы бір марапатпен толықты. Джиу-джитсудан 77 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Дүйсенқұлов финалда күміс жүлдегер атанды.
Шешуші белдесуде Дүйсенқұлов дат спортшысы Лукас Андерсенге 11:15 есебімен есе жіберді. Кездесу жоғары қарқынмен өтіп, соңына дейін интрига сақталды.
Топтық кезең:
Лукас Андерсен (Дания) – 16:12
Йоро Янник Ефрем Зоузоуа (Кот-д’Ивуар) – 15:17
Жартылай финал:
Перси Кунса (Франция) – 27:18
Бұған дейін 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 62 келіде Аслан Қанатбек қола медаль жеңіп алған еді. Сонымен қатар каратэде Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлде иеленді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еншісінде: