Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде Хамзат Чимаевпен бір кардта өнер көрсетеді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ыдырыс (10-0) әйгілі UFC 319 турнирінде бақ сынайды.
vesti.kz
Қарсылас және турнир форматы
Прелим кардта Алиби америкалық файтер Джозеф Моралеспен (12-2) кездеседі. Бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter турнирінің финалы саналады, ал жеңімпаз UFC-пен толыққанды келісімшартқа қол жеткізеді.
Турнирдің басты жекпе-жегі
Мэйн-ивентте Швеция атынан шығатын дағыстандық жұлдыз Хамзат Чимаев (14-0) ОАР өкілі, орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плессимен (23-2) октагонға шығады.
Әліби Ыдырыс соңғы рет 2024 жылдың мамырында октагонға шықты. Ол алғашқы раундта-ақ бразилиялық Эдилсон Сантос Жуниорды (9-3) нокаутқа жіберіп, жеңіс сериясын жалғастырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet