Мөлдір Жаңбырбай
Молдир Жанбырбай орысшаMoldir Zhangbyrbay латынша
Мөлдір Жаңбырбай — қазақстандық каратеші, 2023 жылғы әлем чемпионы, ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ каратешісі. Кумите бағдарламасында сынға түседі, 2021 жылы Азия чемпионы атанып, Токио Олимпиадасына қатысқан. Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Karate 1-Premier League турнирінің Grand Winner сыйлығын 2024 және 2025 жылдары иеленген.
- Спорт түрі
- Карате
- Туған күні
- 18.05.1997
- Әлем чемпионаты
- Алтын медаль, Будапешт, 2023 (50 кг)
- Олимпиада
- Токио Олимпиадасының қатысушысы
- Азия чемпионаты
- Чемпион, 2021
- Азия ойындары
- Күміс медаль, Ханчжоу (2023 жылы өтті)
Анықтама Уикипедия бойынша: Moldir Zhangbyrbay, Мөлдір Жаңбырбай, Жанбырбай, Молдир Бериккызы
Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қылмысқа күдіктіні іздеуге көмек сұрады
Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Қызылордада болған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты көпшіліктен көмек сұрады.
Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстандықтар халықаралық каратэ федерациясының әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде үш салмақта көш бастады.
Қазақстан каратэден әлемдік рейтингте көш бастады
Халықаралық World Karate Federation (WKF) әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы дүниеге екінші сәби әкелді
Қазақстандық каратэші, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Мөлдір Жаңбырбай көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті.
Аяғы ауыр қазақстандық каратэші әлемдік ойындарда күміс жүлде иеленді
Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 2025 жылғы әлемдік ойындарда финалға дейін жетіп, күміс медаль алды. Спортшы бұл жарысқа аяғы ауыр күйде қатысқанын кейінірек білгенін айтты.
Қазақстандық каратэші XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Әйелдер арасындағы 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль иемденді.
Мөлдір Жаңбырбай Чэндуде қарсыластарын талқандады
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден бәсеке басталды. Алғашқы жарыс күнінде 50 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты.
Қазақ қыздары каратэ тарихында жаңа парақ ашты
Марокко астанасы Рабат қаласында каратэден жылдың басты додасы – Премьер-лиганың финалдық кезеңі мәреге жетті. Бұл турнирде маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен спортшылар "Grand Winner" мәртебесіне ие болды. Қазақстан тарихында алғаш рет бірден екі спортшы осы жоғары атақты жеңіп алды.
Қазақ қызы каратэден Азия чемпионатында медаль жеңіп алды (ФОТО)
Өзбекстан астанасы Ташкентте каратэден Азия чемпионаты басталды. Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстандық даңқты каратэші K-1 Премьер-лигада алтын медаль иеленді
Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирде өткен Karate 1-Premier League турнирінде чемпион атанды.
Каратэші қыздар Қытайдан олжалы оралды
Ханчжоу қаласында каратэден премьер-лига санатындағы 2025 жылдың екінші жарысы аяқталды.
Қазақстандық каратэшілер Мәскеуде топ жарды
Ресей астанасында Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарыс өткен болатын.