ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық даңқты каратэші K-1 Премьер-лигада алтын медаль иеленді

Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирде өткен Karate 1-Premier League турнирінде чемпион атанды.

Қазақстандық даңқты каратэші K-1 Премьер-лигада алтын медаль иеленді
sportplustv.kz

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесті. Тартысты өткен айқас соңғы секундтарға дейін шиеленіскен. Бірақ шешуші шабуылды сәтті жүзеге асырған қазақстандық спортшы алтын медальды жұлып әкетті.

Бүгін Премьер-лиганың Каир кезеңінде тағы бірнеше отандасымыз татамиге шығады:

  • Айжан Бәкірова (61 кг), Диас Анарбеков (84 кг) және Софья Берульцева (68 кг) – қола медаль үшін,
  • Әсел Қанай (61 кг) – алтын медаль үшін Украинаның өкілі Александра Шолоховамен жекпе-жек өткізеді.

Мөлдір Жаңбырбай туралы не білеміз?

Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі. Қазақстандағы ең беделді және титулды спортшылардың бірі:

  • Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2013, 2017, 2018),
  • Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше мәрте иегері,
  • Халықаралық жарыстардың тұрақты жеңімпазы.

Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ 2022 жылы Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарының финалисі. Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Дидар Әмірәлінің жары.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.