Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақ қыздары каратэ тарихында жаңа парақ ашты

Редактор Penalty.kz
02.06.2025, 09:49

Марокко астанасы Рабат қаласында каратэден жылдың басты додасы – Премьер-лиганың финалдық кезеңі мәреге жетті. Бұл турнирде маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен спортшылар "Grand Winner" мәртебесіне ие болды. Қазақстан тарихында алғаш рет бірден екі спортшы осы жоғары атақты жеңіп алды. 

instagram/@kaz_karateofficial
instagram/@kaz_karateofficial

"Grand Winner" атағын алған қос қазақ қызы

50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай мен 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әсел Қанай биылғы маусымда үздік атанып, "Grand Winner" атағына ие болды. Бұл — халықаралық каратэ аренасында бұрын-соңды болмаған жетістік.

Мөлдір Жаңбырбай үшін бұл — соңғы екі жылдағы екінші мәрте берілген марапат. Биыл ол Парижде өткен Премьер-лиганың бірінші кезеңінде қола медаль иеленсе, Ханчжоуда — күміс, ал Каирде алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Әсел Қанай да биыл жоғары нәтижемен көзге түсті: Париж бен Каирде — күміс, Ханчжоуда — қола медальға қол жеткізді.

Софья Берульцева жарыс жолында сүрінді

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да "Grand Winner" атағына үміткер болған еді. Алайда Рабаттағы шешуші кезеңде топтық кезеңнен өте алмай, қажетті ұпай санын жинай алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір