Қазақстандық каратэші XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Әйелдер арасындағы 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль иемденді.
ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы
Финалдағы тартысты айқас
Әлем чемпионы атанған жерлесіміз шешуші бәсекеде ирандық Сара Бахманиермен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғанымен төрешілер қарсыластың белсенді қимылы үшін жеңісті соған берді.
Жаңбырбайдың жарыс жолындағы нәтижелері:
- Силия Уикен (21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) — 4:0
- Йоргелис Салазар (2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) — 3:0
- Жунхуй Ванг — 0:1
Жартылай финал:
- Ема Сгарделли (екі дүркін Еуропа чемпионы) — 3:2
Тарихтағы үшінші жүлде
Бұл жетістік Қазақстан үшін Дүниежүзілік ойындар тарихындағы үшінші медаль болып тіркелді. Бұған дейін 2009 жылы Халид Халидов, ал 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында Софья Берульцева жүлдегер атанған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet