Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандықтар халықаралық каратэ федерациясының әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде үш салмақта көш бастады. 

Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады
Ұлттық олимпиадалық комитет

Премьер-лига кезеңдерінің қорытындысы бойынша :

  • Софья Берульцева +68 кг (7485 ұпай) ;
  • Әсел Қанай 61 кг дейінгі (5295 ұпай);
  • Мөлдір Жаңбырбай 50 кг (5700 ұпай) дейінгі салмақта лидер атанды.

Аталған рейтингте осы салмақтар бойынша Германия, Испания, Өзбекстан, Жапония, Украина спортшылары үздік үштікте тұр.

Әлемдік додадағы жетістіктер

Қазақстандық каратэшілер әлемдік сайыстарда жақсы көрсеткіштермен елеулі нәтижелерге жеткен. Рейтинг көшбасшылары осыған дейін:

  • Софья Берульцева - 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері;                                                                                                                                                      
  • Әсел Қанай - 2022 жылы Азия чемпионы;
  • Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем чемпионы атанған.

Ерлер арасындағы көрсеткіш

Ал ерлер арасында Нұрқанат Әжіқанов 75 кг дейінгі салмақта үздік үштікке кірсе, Әлихан Қадырғали -84 кг 8-орында тұр.