Қазақстандық бапкер Азиз Разыевтың айтуынша, UFC-дегі титулдық айқас алдында ең лайықты қарсылас – Белал Мұхаммад емес.
Қазақстандық ММА жаттықтырушысы Азиз Разыев UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың алдағы әлеуетті жекпе-жегі үшін ең лайықты қарсыласты атады. Оның айтуынша, қазақстандық спортшыға ең тартысты бәсекелес — америкалық Шон Брэди.
Разыевтің пікірінше, UFC-дің үздік бестігінде жүрген кейбір қарсыластар Рахмонов үшін қазір аса қызықты емес:
Ал Шон Брэди болса, төрт кездесу қатарынан жеңіске жетіп келе жатқан мықты қарсылас. Оның күші мен сериялық жеңістері Рахмоновпен болатын жекпе-жекті нағыз үміткерлік айқасқа айналдыра алады.
«Ең тиімді және көрермендерге қызық жекпе-жек — Рахмонов пен Брэди арасында. Екеуі де жеңіліссіз, екеуі де үздік формада. Бұл тек рейтинг үшін ғана емес, титулдық айқас алдындағы басты сынақ болар еді», – деді Разыев Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында.