Әліби Ыдырыстың айқасын қайдан көруге болады?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ спортшысы 17 тамыз таңында америкалық Джозеф Моралеспен кездеседі. 

Әліби Ыдырыстың айқасын қайдан көруге болады?
NUR.KZ

Ертең, 17 тамыз күні қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (10-0) UFC-мен келісімшарт үшін алғаш рет айқасқа шығып, өзінің мансабындағы тарихи жекпе-жегін өткізеді.

Жекпе-жек туралы

The Ultimate Fighter (TUF) жобасының финалы аясында Әліби Ыдырыс америкалық қарсылас Джозеф Моралеспен (12-2) кездеседі. Айқас АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде ұйымдастырылады.

Бұл жекпе-жек қазақ спортшысы үшін ерекше мәнге ие, себебі бұған дейін бірде-бір қазақстандық спортшы TUF турнирінің жеңімпазы атанған жоқ.

Қайдан көруге болады?

Әліби Ыдырыс пен Джозеф Моралес арасындағы тартысты айқастың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша таңғы 03:30-да басталады. Көрермендер жекпе-жекті UFC-тің ресми сайтынан тамашалай алады.

Турнирдің басты оқиғасы

UFC 319 турнирінің негізгі жекпе-жегінде Оңтүстік Африка спортшысы, UFC орта салмақтағы чемпионы Дрикус Дю Плесси (23-2) өз белбеуін қорғау үшін Әмірліктер атынан шығатын ресейлік Хамзат Чимаевқа (14-0) қарсы шығады. Бұл кездесу турнирдің ең үлкен тартысы болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір