Naiza промоутері қолдаған Әліби Ыдырыс: жеңілістің ар жағында не жатыр?
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC-дің әйгілі шоуы The Ultimate Fighter (TUF) финалына шығып, тарихқа енді. Ол осы турнирдің шешуші жекпе-жегінде америкалық Джозеф Моралеске тұншықтыру әдісінен кейін есе жіберді.
Naiza промоутерінің қолдауы
Қазақстандағы ең ірі ММА ұйымдарының бірі Naiza Fighting Championship промоутері Нұрбек Қарабала Әлібиді қолдап, Instagram парақшасында жылы лебізін білдірді:
“Егер бес жыл бұрын сені аялдамада алғаш рет кездестіргенде, бүгін финалда жеңіліс табатыныңды білсем де мен таңдауымды өзгертпес едім. Сен бізге сонша эмоция сыйладың – әрі Naiza-да, әрі бүгінгі жекпе-жекте. Иә, біз жеңілдік. Бірақ қазір бұрынғыдан да сенімдімін: бұл сені тек мықты етеді. Қолыңды көтер, бауырым, айқас жалғасуда!” – деді Қарабала.
Жарнама
Жарнама