Әлем чемпионаты–2025: Қазақстандық еркін күресшілердің нәтижелері
20.08.2025, 15:05
Болгарияның Самоков қаласында өткен U20 еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сенімді өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша бірқатар балуан жүлделі орындарға ие болды.
sportarena.kz
Қазақстан құрамасының нәтижелері
- 57 кг — Нұрданат Айтанов: қола жүлде иегері.
- 61 кг — Алан Оралбек: ширек финалда жеңілді, кейінгі жұбаныш белдесуінде де сәтсіздікке ұшырады.
- 65 кг — Ералы Жеңісов: ширек финалда тоқтады.
- 70 кг — Сұңқар Сейдахмет: ширек финалда жеңілді.
- 74 кг — Досжан Құл-Ғайып: қола медаль иегері.
- 79 кг — Ержан Әбіл: ширек финалдан аса алмады.
- 86 кг — Қасым-Жомарт Әлин: 1/8 финалда жеңіліс тапты.
- 92 кг — Камиль Қуруглиев: финалда жеңіліп, күміс медаль еншіледі.
- 97 кг — Самир Дурсунов: қола медаль иегері.
- 125 кг — Едіге Қасымбек: алтын медаль иегері.
Жиынтық көрсеткіш
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл – былтырғы көрсеткіштен жоғары нәтиже.
ӘЧ-2024: 1 алтын, 1 қола.
ӘЧ-2025: 1 алтын, 1 күміс, 3 қола.
Айта кетейік, 2024 жылғы додада Ризабек Айтмұхан алтын алып, Камиль Қуруглиев қола жүлде иеленген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама