ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Джалоловты сабаған қазақстандық боксшы Альварес – Кроуфорд жекпе-жегінде рингке шығады

Олимпиаданың қос қола жүлдегері Иван Дычко кезекті жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Оның айқасы 13 қыркүйекте Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жектің андеркартына енгізілді.

Джалоловты сабаған қазақстандық боксшы Альварес – Кроуфорд жекпе-жегінде рингке шығады
sportiline.kz

Дычконың қарсыласы америкалық мықты болады

Иван Дычко бұл жолы АҚШ-тың тәжірибелі боксшысы Джермейн Франклин-кішімен қолғап түйістіреді. Қарсыласының кәсіби рекорды өте салмақты – 23 жеңіс және небәрі 2 жеңіліс. Бұл айқас Дычко үшін жаңа деңгейге шығудың маңызды қадамы болмақ.

Жедел камбэк және сенсациялық нокаут

Қазақстандық алып шілде айында-ақ рингке оралып, сенсациялық жеңіске жеткен. Ол америкалық Самуэль Кроссты алғашқы раундта-ақ сұлатып салды. Енді Дычко қысқа мерзім ішінде қайтадан шаршы алаңға шығып отыр.

Әуесқойдағы "қорқынышты түс" 

Иван Дычко – әуесқой бокс әлемінде үлкен із қалдырған спортшы. Ол Токио мен Рио Олимпиадаларында қола медаль иеленген. Ең қызығы, оның ең басты қарсыласы — өзбек алыбы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов үш мәрте Иваннан жеңілген. Сол үшін Дычконы халықаралық аренада "Далоловтың қорқынышы" деп атайтын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.