Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем чемпионаты–2025: Қазақстандық еркін күресшілердің нәтижелері

Сарапшы, спорт журналисі

Болгарияның Самоков қаласында өткен U20 еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сенімді өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша бірқатар балуан жүлделі орындарға ие болды.

Әлем чемпионаты–2025: Қазақстандық еркін күресшілердің нәтижелері
sportarena.kz

Қазақстан құрамасының нәтижелері

  • 57 кг — Нұрданат Айтанов: қола жүлде иегері.
  • 61 кг — Алан Оралбек: ширек финалда жеңілді, кейінгі жұбаныш белдесуінде де сәтсіздікке ұшырады.
  • 65 кг — Ералы Жеңісов: ширек финалда тоқтады.
  • 70 кг — Сұңқар Сейдахмет: ширек финалда жеңілді.
  • 74 кг — Досжан Құл-Ғайып: қола медаль иегері.
  • 79 кг — Ержан Әбіл: ширек финалдан аса алмады.
  • 86 кг — Қасым-Жомарт Әлин: 1/8 финалда жеңіліс тапты.
  • 92 кг — Камиль Қуруглиев: финалда жеңіліп, күміс медаль еншіледі.
  • 97 кг — Самир Дурсунов: қола медаль иегері.
  • 125 кг — Едіге Қасымбек: алтын медаль иегері.

Жиынтық көрсеткіш

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл – былтырғы көрсеткіштен жоғары нәтиже.

ӘЧ-2024: 1 алтын, 1 қола.

ӘЧ-2025: 1 алтын, 1 күміс, 3 қола.

Айта кетейік, 2024 жылғы додада Ризабек Айтмұхан алтын алып, Камиль Қуруглиев қола жүлде иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір